Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде велосипед ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды

Ақтөбеде велосипед ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында және осындай қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер азаматты ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдікті Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығымен айналысқанын мойындады. Ер азамат көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерінен велосипедтерді емін-еркін қол жеткізу жолымен жасырын ұрлап отырғанын жеткізді.

Ұрланған велосипедтерді ол әртүрлі сомаға бейтаныс адамдарға сатқан. Қазіргі уақытта күдікті төрт ұрлық фактісін жасағанын мойындады. 

Ұрлық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған мүлікті сатып алушылар мен өткізу арналары анықталып жатыр.

Полиция азаматтарға сақтық шараларын сақтау: велосипедтерді қараусыз қалдырмау, арнайы бекіткіш құралдарды пайдалану, мүмкіндігінше мүлікті жабық немесе бейнебақылау жүргізетін орында сақтау қажеттігі туралы ескертеді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру