Ақтөбеде жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен жігіт ұсталды
Ақтөбе қаласында жас жігіт жалға алған пәтерден 60 мың теңге тұратын теледидарды өзімен бірге алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
Техниканың жоғалғанын байқаған жалдамалы пәтердің иесі бірден ұрлық туралы өтінішпен жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыстың 20 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, теледидарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.