Ақтөбеде жалға алған ойын приставкаларын ломбардқа өткізіп жіберген жігіт ұсталды
Ақтөбеде жалға алған ойын приставкаларын ломбардқа өткізіп жіберген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
24 жастағы жігіт ойын приставкаларын жалға берушілерді алдап, Play Station 5 приставкаларын жалға алып, содан кейін оны қайтармай, қашып кетіп отырған. Күдікті ұрланған приставкаларды ломбардқа тапсырған. Осы схема бойынша алаяқ үш азаматты алдаған. Play Station 5 приставкаларының бір бөлігі ломбардтардан алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.
Күдікті Ақтөбе қаласы ПБ-ның уақытша үстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің бұл бабының санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.