Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жас азаматтар алғаш рет жеке куәліктерін алды

Ақтөбеде жас азаматтар алғаш рет жеке куәліктерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада 8 бойжеткен алғаш рет жеке куәліктерін алды.

– Жеке куәлік – жай ғана құжат емес. Бұл құжатты алу арқылы жастар елдің толыққанды азаматы атанып, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтар мен міндеттерге ие болады, – деді Абай Жусупов.

Шара барысында полиция департаментінің басшысы Алтынай Қантөрені ерекше атап өтті. Ол – жеке куәлікті онлайн форматта алғашқылардың бірі болып рәсімдеген азамат. Бұл – мемлекеттік қызметтердің цифрлануы мен жастардың белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.

– Құжаттарды онлайн рәсімдеу – бұл жаңа деңгей, заманауи Қазақстанның дамуына сай келетін қадам, – деп қорытындылады Абай Жусупов.

Еске саламыз елімізде паспорт пен жеке куәлікті алу үдерісін айтарлықтай жеңілдететін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңі онлайн форматта өтеді, ал дайын құжаттар тікелей үйге жеткізіледі. Сервис мамыр айынан бастап қолжетімді. Осы уақыт ішінде Ақтөбе облысының 40-тан астам тұрғыны бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгерді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заманауи цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдалануға, уақытты үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру