Ақтөбеде жас сақшылар әскери дайындықта шеберліктерін көрсетті
Ақтөбеде жас сақшылар әскери дайындықта шеберліктерін көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің “Жас сақшы” сыныбы көпшілікті таңдай қақтырған шеберлік сабағын өткізді. Бұл – жай ғана оқу процесі емес, болашақ сақшылардың нағыз ерік-жігері мен рухын көрсеткен көрініс болды.
Іс-шарада оқушылар бірнеше әскери жаттығуды кәсіби деңгейде орындап, көпшілікті тәнті етті. Әсіресе, арқанға өрмелеу кезінде “Жас сақшы” командирі Азамат межеге небәрі 10 секундта жетіп, сынып бойынша рекорд орнатты.
Автомат қаруын 17 секунд ішінде жинап үлгерген оқушылар көрермендерден ерекше қошеметке ие болды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде нақты іс-қимыл мен сенімділік — олардың дайындық деңгейінің айғағы болды.
Бұл әсерлі сәттер Ақтөбе облысындағы барлық “Жас сақшы” сыныптарының назарына ұсынылды. №65 мектептің “Жас сақшы” оқушылары өздерінің ептілігімен, ұйымшылдығымен және патриоттық рухымен ел ертеңіне сенім ұялатты.