Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жасөспірім екі көлікті заңсыз айдап кеткен

Ақтөбеде жасөспірім екі көлікті заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурызда ЖБО-ның «102» арнасына Қ.Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында Ваз көлігін айдап әкету әрекеті болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген полиция жасағы автокөліктің иесі түнде кілтті автокөлікте қалдырып, есікті пультпен жауып кеткенін анықтады. Мұны пайдаланған ұры көлікті айдап әкетуге тырысқан, бірақ ауладан шыға берген кезде көлік сөніп қалған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында атыраулық 17 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің сол түні жақын маңнан Lada Granta автокөлігін де айдап әкеткені анықталды.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақтөбе облысының полицейлері көлік иелеріне кеңес береді:

Ешқашан көліктің есіктерін ашық күйде және кілтін ішінде қалдырмаңыз. Автокөлікті тұраққа қою кезінде абай болыңыз. Оны тұраққа арналмаған жерлерде қалдырмаңыз. Автокөлікті адамдар жүрмейтін және жарықтандырылмаған жерлерде қалдырмаңыз, гаражға, қауіпсіз тұраққа қоюға басымдық беріңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру