Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жасөспірімді көлік қағып кетті

Ақтөбеде екі кәмелетке толмаған бала жол-көлік оқиғасына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда 23 жастағы «Ваз 21102» автокөлігінің жүргізушісі Иманов көшесі жағынан Арынов көшесі бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, тоғыз жастағы қызды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен соң үйіне жіберілді.

Сол күні сағат 20.05-те 44 жастағы әйел «Hyundai Solaris» автокөлігінің жүргізушісі Маресьев көшесімен, Ливенцов және Маресьев көшелерінің қиылысында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, алты жастағы баланы қағып кетуге жол берген.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Құрметті ата-аналар – автомобиль жолдарына жақын жерде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жүргізушілер аса сақ болыңыз, әсіресе жалпы білім беретін мекемелерге жақын жерде, жылдамдық режимін сақтаңыз,  өйткені статистикаға сәйкес зардап шеккен балалардың 70% – дан астамы көлік құралдары жүргізушілерінің зардабынан болады.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, ережелерді сақтаңыз, жаяу жүргіншілердің және басқа жүргізушілердің қателіктерін алдын ала біліп алыңыз, жіберілген қателіктердің орнын толтыруға дайын болыңыз, сонда сіз жол көлік оқиғасының салдарларынан аулақ бола аласыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру