Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жастарға заңсыз алкоголь сатқан түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды

Ақтөбеде жастарға заңсыз алкоголь сатқан түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 ақпанда сағат 03:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы түнгі клубта рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Көңіл көтеру орнында 21 жасқа толмаған азаматқа, яғни 19 жастағы жігітке алкоголь өнімдері сатылған. Сонымен қатар түнгі клубта заңды өкілдерінсіз жүрген бірнеше кәмелетке толмағандар да анықталды, бұл да заң бұзушылық болып есептеледі.

Анықталған фактілер бойынша полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 және 132-баптарына сәйкес әкімшілік іс қозғады.

Сот бұл істі қарап, түнгі клуб басшысын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Түнгі клубқа айыппұл салынып, оның лицензиясы тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру