Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелдеріне жаңа таңбалар салынып жатыр

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелдеріне жаңа таңбалар салынып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қала аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара жүргізіп жатыр.

Аталған жұмыстар аясында жолдың жүру бөлігінде арнайы жазбалары бар көлденең жол таңбалары салынып жатыр. Бұл жазбалар жолдан өтер алдында құлаққапты шешіп, баланы қолынан ұстау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ орталық стадион маңында жаяу жүргіншілер өткелін көшіру және қозғалысты реттеуге арналған арнайы шақыру батырмасын орнату жоспарлануда. Бұл жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлылықты арттырып, аталған аумақта кептелістің алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру