Ақтөбеде жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғаларын алдын алу шараларына қарамастан, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы орын алып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек күні сағат 16.23-те М.Мәметова көшесіндегі 80 үйге қарама-қарсы 47 жастағы «Фольксваген Поло» автокөлігінің жүргізушісі Шайкенов көшесіне қарай жолда 61 жастағы әйелді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан кейін қайтыс болған.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жол қозғалысына қатысушылардың осы санатымен жол-көлік оқиғасына жол бермеу мақсатында жүргізушілерді алдын ала жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде көлік құралының жылдамдығын төмендетуге шақырамыз.
Жолдың жүру бөлігінен өтпес бұрын жаяу жүргіншілерге тоқтау және қауіпсіздікке көз жеткізу керек екенін ұмытпаңыздар. Жүру бөлігін жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы, ал олар болмаған жағдайда – жол қиылыстарында тротуарлар немесе жол жиектері бойымен кесіп өту қажет.
Жаяу жүргіншілер тротуарлармен немесе жаяу жүргіншілер жолдарымен, ал олар болмаған жағдайда жол жиектерімен қозғалуы керек.