Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті
Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі 6 сынып оқушысы, велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде велосипедпен жол қозғалысы ережелерін бұзған кәмелетке толмағандар мен ересектерді көруге болады. Ата-аналар, ең алдымен, жол ережелерін ескертпей жатып, балаларына арнайы бас киімінсіз айдайтын қауіпті құралдарды сыйға тартады. Бірақ керісінше балаларын жол-қозғалыс қатысушы етіп, жол жүру ережелерін айтпай жатады.
Велосипед басқа да көлік құралдарымен теңестіріледі, сондықтан велосипедші көлік құралының жүргізушісі ретінде қаланы аралап жүргенде жол жүру ережелерін сақтап, ондағы жауапкершілікті есте ұстауы керек.
17 тамыз күні сағат 20.50-де «Kia Sportege» автокөлігінің жүргізушісі Ғ.Жұбанова көшесі жағынан Әз-наурыз көшесі бағытында жүріп келе жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беру сигналын қосқан кезде жүргізуші осы бағыттағы жаяу жүргіншіге жол бермеді, нәтижесінде кәмелетке толмаған 6 сынып оқушысын, велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші Жедел медициналық аурухарнасына жүгінді, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілері мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек, өйткені олардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары ең ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін. Ал «екі дөңгелекті» көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін және жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет.