Ақтөбеде жол апатынан 3 жаяу жүргінші зардап шекті
Ақтөбеде жол апатынан үш жаяу жүргінші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 тамызда Lada Granta автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Тілеу батыр көшесі жағынан Бейбітшілік даңғылы бағытында Есет батыр көшесі бойынша келе жатып, жол бойында тура бағытта келе жатқан көлік құралына жол бермей, 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi Pajero автокөлігімен соқтығысуға жол берді, соқтығысу салдарынан Mitsubishi Pajero автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған 2 әйел мен баланы соғып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншілер, оның ішінде 6 жасар қыз медициналық мекемеге жатқызылды.