Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілде күні Әбілқайыр хан даңғылы бойында патрульдік полиция жасағы жол қозғалысы ережесін бұзған Nissan X-Trail автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік тізгінінде 22 жастағы жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт отырғаны анықталды.
Әкімшілік хаттама толтырылып жатқан сәтте оқиға орнына оның әкесі келіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдірген. Ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, олардың қызметтік әрекеттеріне кедергі келтірген.
Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Ал көлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақырады.