Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы өліммен аяқталды

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы өліммен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Ақтөбе қалалық ПБ кезекші бөліміне М. Мәметова көшесіндегі 19 үйге қарама-қарсы жерде орын алған жол-көлік оқиғасы өліммен аяқталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

23 жастағы бойжеткен Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі М.Мәметовакөшесінің бойымен Сейтов көшесінен Шайкенов көшесі бағытында 19 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, жол жүру ережесін бұзып (қозғалыс үшінкедергі және қауіп туындаған кезде көлікқұралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендету немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтушараларын қолданбаған), жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 55 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші «мас емес«.

Ағымдағы жылдың жеті айында облыс бойынша жаяу жүргіншілердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 82 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Жол апаттарының негізгі себептері бұрынғысынша жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі арқылы өту ережелерін бұзуы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру