Ақтөбеде жолаушылар автобусының қатысумен жол апаты болды
Бүгін, 10 наурызда Ақтөбе қаласында 312 атқыштар дивизиясы мен К.Нокин даңғылының қиылысында маршруттық автобустың қатысуымен жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«JAC» автобусының жүргізушісі (жолаушыларсыз) реттелетін қиылыстан өту ережелерін бұзып, (бағдаршамның қызыл сигналына өтіп) «Toyota Fortuner» маркалы автокөлігімен соқтығысты, «Toyota Fortuner» автокөлігі бағытын өзгертіп, «Ваз-21074» маркалы автокөлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан «Toyota Fortuner» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және дене жарақаттары бар автобустың жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жіберілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдарда қырағы болу қажеттігін ескертеді.
Қысқы жолмен жүру кезінде (көктайғақта, жаңадан түскен қарда, үйінді қарда) есте сақтау қажет ережелер:
– қашықтықты сақтаңыз (ол соқтығысуды болдырмайды);
– бүйірлік аралықты сақтаңыз (ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді);
– жылдамдық режимін бұзбаңыз;
– кенеттен тежеу мен қозғалыс жасамаңыз.
Қысқы жолда көлік құралдары тоқтайтын, тежейтін немесе қозғала бастайтын келесі қауіпті учаскелерді атап айтатын болсақ, олар:
– бағдаршамдардың жанында;
– реттелмейтін қиылыстар орындарындағы басты жолға кіреберістердің жанында;
– аялдамалардың жанында.
Мұндай жерлерден өту немесе өте мұқият келу керек, өйткені мұзбен жабылған жол беті автокөліктердің жылдамдық пен тежегіш шиналарының салдарынан айнадай жылтырап тұрады.