Ақтөбеде ЖҚЕ бұзған жүргізушіге төрт хаттама толтырылды
Ақтөбеде ЖҚЕ бұзған жүргізушіге төрт хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе облысының Полиция департаментінің қызметкерлері Instagram парақшаларының бірінде Lada-21144 автокөлігінің жол қозғалысы ережелерін бұзып, Ақтөбенің басты даңғылдарының бірінде кері бағытта қозғалған және оған арнайы жедел қызметтердің жарық сәулелі жарықтары орнатылған бейне ролик анықталды.
Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған автокөліктің иесін анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама толтырды.
Көлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлімі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) 590-бабы 2-бөлімі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу), 595-бабы 2-бөлімі (Көлік құралына арнайы жарық беру және (немесе) жедел және арнаулы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз қолдану) және 603-бабы 1-бөлімі (Маневр жасау ережелерін бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды.
Автокөлік айып тұрағына қойылды