Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті: адам шығыны бар

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйекте «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесімен «Мал базар» айналма қозғалысы жағынан Жаңақоныс кенті бағытында, Оңтүстік айналма жолымен жүріп келе жатқанда қозғалыс үшін кедергі және қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, кедергіні қауіпсіз айналып өтпей, жолдың жүру бөлігі бойымен ілеспе бағытта келе жатқан 39 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ең көп апат жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан орын алады, мысалы, жолдың жүру бөлігіне кенеттен шығу, жүріс бөлігімен жүру, жаяу жүргіншіге басымдық бермеу.

Мұндай ЖКО-ның алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші әрдайым жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенеттен шыққан жағдайда әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы керек, өйткені жолдарда балалар да болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілер өтпес бұрын жылдамдықты алдын-ала төмендетіп, жаяу жүргіншілерге әрдайым жол беріңіз. Егер жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінің алдында баяулаған көлікті байқаса, басқа қатарда да баяулау керек.

– Жаяу жүргіншілердің жол апатынан алған жарақаттары көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан жаяу жүргінші ережелерді білуі және қатаң сақтауы керек. Белгіленген орындарда жолды кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтер кию, жол жиегімен тек көлік қозғалысына қарай жүру. Жол бөлігі нашар болса да, әсіресе қараңғы уақытта жаяу жүргінші жолдың бойымен жүрмеуі керек. Бұл өте қауіпті, – деп түйіндеді Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру