Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүк көліктерінен 8 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде жүк көліктерінен 8 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында кезекті ұрлық кезінде қылмыс орнында 46 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті Самара Шымкент тасжолының бойында Бекқұл баба аулының маңындағы эстакадада DAF жүк көлігінің тіркемесінің пломбаларды бұзып, 17 қорап кондитерлік бұйымды ұрлап кеткен.

Күдікті жүргізушілер демалып жатқан кезде ауыр жүк көліктерінен ұрлық жасауға маманданған. Полиция күдіктінің тұрғылықты жері мен саяжайында ұрланған заттар – тамақ, тұрмыстық химия, косметика, аяқ киім және тағы басқа заттарды тапты.

Ер адам сәуір айынан бастап осындай жолмен Ақтөбе облысы арқылы транзитпен келе жатқан жүк көліктерінен 8 ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттарды ол такси жалдап, үйіне апарған. Күдікті заттай айғақтардың бір бөлігін сатып үлгерген.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру