Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобус басқарған
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобусты басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында №8 қалалық бағыттағы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустың жүргізушісінде жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды.
Алимент бойынша берешегінің болуына байланысты сот ұйғарымымен аталған азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылған. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және автобус айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, шара барысында ПАЗ қызметтік автобусты тиісті санатсыз басқарған жүргізуші анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 11-15 қаңтар аралығында облыс аумағында бойынша «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.