Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат жолаушылар тасымалымен айналысқан

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат жолаушылар тасымалымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілде күндізгі уақытта”Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе – Орынбор автожолында патрульдік полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде жеке тасымалмен айналысып жүрген автобус жүргізушісінің 2020 жылы сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі таңда автобус арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру