Ақтөбеде «жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ ұсталды
Ақтөбеде «жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінде оған таныс емес ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынған. Өзінің «болжамды» қызметі үшін ол 83 мың теңге сұрады. Мұндай мәмілеге келіскен әйел алаяқтықтың құрбаны болды. Шығын сомасы – 83 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің осыған ұқсас алты қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.