Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жыл басынан бері ЖБО камераларымен 98 қылмыс ашылды

Ақтөбеде жыл басынан бері ЖБО камераларымен 98 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың 9 айында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен бірқатар қылмыстар анықталды

Қоғамдық тәртіпті және  жолдардағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері ең көп жүретін көшелерде және адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтардың уақытылы анықталуын және қылмыстардың жолын кесуді қадағалайды.

Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО операторлары бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 98 қылмыс ашылды.

Мысалы, өткен демалыс күндері полиция күдіктіні тонау дерегі бойынша ұстады.

Ақтөбе қаласы ПБ арызбен жүгінген жәбірленуші қаланың орталық көшелерінің  бірінде одан жас жігіт ұялы телефонын сұрап, шұғыл қоңырау шалуды сұрап келгенін айтты. Қаскүнем бұл жерде байланыс нашар екенін түсіндіріп, алысқа кетіп қалған. Шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Полицейлер екі сағат ішінде бейнебақылау камерасының көмегімен «ізін суытпай» күдіктіні ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру