Ақтөбедегі ҚАЖД мекемелерінде сотталғандардың құқықтық сауаттылығы арттырылды
Ақтөбедегі ҚАЖД мекемелерінде сотталғандардың құқықтық сауаттылығы арттырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы әділет департаментінің қызметкерлері, С.Бәйішев атындағы университетінің доценті Б.Телибеков, әділет департаментінің бөлім басшысы А.Дузбаев, заң кеңесшілері палатасының консультанттары А.Мукушев пен А.Кушаев, сондай-ақ жеке сот орындаушысы А.Кульжановтың қатысуымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде сотталғандар арасында құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында сотталғандарға қолданыстағы заңнама талаптары, олардың құқықтары мен заңды мүдделері, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібі мен шарттары бойынша жан-жақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде сотталғандар жеке және жалпы сипаттағы сұрақтарын қойып, сол сұрақтар бойынша білікті құқықтық кеңестер алды. Әсіресе өтініштер мен шағымдарды беру тәртібі, сот актілеріне шағымдану жолдары, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу, жазаны жеңілдету және әлеуметтік-құқықтық мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіру болып табылады.
