Ақтөбедегі су басқан саяжай массивтерін атты патруль күзетуде
Ақтөбедегі су басқан саяжай массивтерін атты патруль күзетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл көктемде Ақтөбе қаласында қала маңындағы кенттері мен саяжай алаптарын қар суы басты. Кейбір аудан тұрғындары оқшауланды. Осыған байланысты, ұрлық және тонау фактілерін болдырмау мақсатында 50-ден астам полиция қызметкерлері су басқан аудандарды тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады.
ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарымен бірге 50-ге жуық қызметкер бірлесіп халықты оқшауландыруға көмек көрсетуде. Сонымен қатар, патрульдеуге 3 атты патруль жұмылдырылған, өйткені ат үстінде техника өтпейтін жерлерде жүруге болады.