Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде “Үміт – 2024” байқауы өткізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекемесінде сотталғандар арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудан “Үміт – 2024” байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар бұл байқауға бірнеше ай дайындалды. Олар барлық қажетті құралмен қамтамасыз етілді.

Шараға барлығы сегіз сотталған қатысты. Бір сотталған сурет салса, жеті сотталған қолданбалы өнер бұйымдарын жасады. Соның ішінде: түйе мүсіні, гибстен жасалған бұйым, ағаштан жасалған үйлер бар.

Мекеме қызметкерлері, мекеме жанындағы кешкі (ауысымдағы) мектеп және Ақтөбе қалалық көпсалалы колледжінің мұғалімдерінен құрылған әділ қазылар құрамы сотталғандардың жұмыстарын бағалады. Байқау нәтижесінде I, II орынды екінші жасақтың сотталғандары иеленді, ал үшінші орынды бірінші және төртінші жасақтың сотталғандары қанжығаға байлады.

Жеңімпаздар мекеме бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру