Ақтөбедегі түзеу мекемесіне жаңа кітаптар табысталды
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рамазан айына орай Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мекеменің кітапхана қорына 15 қасиеті құран және 50 діни әдебиет тарту етті.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жазасын өтеуші сотталғандар арасында дін ұстаушы сотталғандардың діни әдебиеттерге қол жетімділігін ұйымдастыру. Жалпы, кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттердің негізгі бөлігі сотталғандардың өздерінің сұраныстарына сай жүзеге асырылған.
– Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан дінге сенуші сотталғандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – оларды жаңа өмірге бейімдеу. Осылайша, департамент басшылығы облыстық дін істері басқармасымен тығыз жұмыс атқарып келеді. Сотталушыларға арналған түзету жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, – дейді басшылар.