Ақтөбелік әйел ер адамды алдап, телефонын алып қашқан
Ақтөбелік әйел ер адамды алдап, телефонын алып қашқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамырда 60 жастағы ер адамға кафеде бейтаныс әйел келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Ер адам күдіктенбей ханымның өтінішін қабылдап, NOKIA телефонын берген. Телефонды алған әйел белгісіз бағытта қашып кетті.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен келесі күні күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 53 жастағы Ақтөбе тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Смартфонды сатып үлгергені анықталды.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелге екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.