Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік ер адам әйелдің атына интернет арқылы несие рәсімдеген

Ақтөбелік полиция алдау арқылы несие рәсімдеген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері несие алу мақсатында жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Жедел алдын алу іс-шаралары барысында, 33 жастағы қала тұрғыны интернет-ресурстарды пайдаланып, онлайн-банкинг арқылы, алдау жолымен 42 жастағы азаматшаның атына несие ресімдегенін анықталды.

Келтірілген шығын 132 мың теңгені құрайды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзіңіздің дербес деректеріңізді хабарламаңыз.

Сондай-ақ, полицейлер өзіңізді бейтаныс тұлғалар сіздің атыңызға алған «кенеттен» келген несиелерден қорғау үшін, өз кредиттік мәліметтеріңізге мониторинг жүргізу және онда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру