Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды

Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

53 жастағы ақтөбелік полицияға алаяқтын құрбаны болғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, жыл басында таныс әйел шағын бизнесті дамыту үшін өтеусіз грант алуға жәрдемдесу сылтауымен 500 мың теңге сомасында ақша иеленген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің тағы бір жергілікті тұрғынды 1 млн теңгеге алдағаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру