Ақтөбелік полицейлер 90-нан астам қаруды жоюға жіберді
Ақтөбелік полицейлер ферроқорытпа зауытының пешіне жоюға 90-нан астам қару жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пешінде жоюға 60 бірлік тегіс ұңғылды қару, 20 газды және травматикалық тапанша жолдады.
Жойылған қару тізімінде – 12 мылтық, 13 электрошокер және 800-ден астам оқ-дәрі бар.
Иелері өз еркімен тапсырған аңшылық мылтықтар мен сот шешімі бойынша жойылуы тиіс қылмыскерлерден алынған қарулар жойылады.
Қаруды пешке жібермес бұрын, комиссия салыстыру жүргізді, содан кейін ғана қарулар балқытуға жіберілді.
Арнайы құрылған комиссияның құрамына полиция департаментінің, прокуратураның және тағы басқа қызметкерлері кірді.