Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер алаяқтарды іздеуде

Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әйелдерді іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД полиция қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 1990 жылы туған Ермағамбетова Жанар Мақсұтқызын іздестіруде. Ол азаматтарға сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізетін фирмалардың бірімен келісім жасаған. Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олардан айтарлықтай ақша алған, бірақ сатып алушы күткен өнімді ала алмаған.

Тағы бір алаяқ, 1966 жылы туған Әбішева Назгүл Молдабайқызы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілуде.

Полиция қызметкерлері оларды көрген немесемекенжайын білетіндердің барлығынан Ақтөбе облысының Полиция департаментіне р.Жұбанов көшесі 271) 102 немесе 8 (7132) 51-38-37, 52-05-14 телефондар бойынша хабарласуын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру