Ақтөбелік полицейлер гараждан электроқұралдарды ұрлаған екі ер адамды ұстады
Ақтөбеде полиция қызметкерлері гараждан электроқұралдарды ұрлаған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер саяжайдағы үйлердің бірінің гаражының есігінің құлпын бұзып, су сорғысын, дрель, балта және ұста арасын ұрлап кеткен.
Гараж 67 жастағы зейнеткерге тиесілі. Шығын сомасы 172 мың теңгені құрады.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілердің басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ақтөбе облысы ПД сақтық шараларын қабылдауды, соның ішінде гараж бен қоймаларға сенімді құлып орнатуды сұрайды.