Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер ІІМ ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері отставкадағы полиция майоры  Бақытжан Дәрменқұлұлы 80 жасқа толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 1941 жылғы 26 наурызда Шалқар ауданы Кішіқұм елді мекенінде дүниеге келген. 1967 жылы ол өз өмірін ішкі істер органдарымен байланыстырып, Комсомол ауданының ПБ аға жедел уәкілі лауазымына тағайындалған.

Бақытжан Дәрменқұлұлы ішкі істер органдарында 22 жыл жұмыс істеп, өзінің адалдығымен, жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен құрметке ие болды. Ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдары түрлі лауазымда қызмет атқарған ол әрқашан өзгелерден оқ бойы озық тұратын.

Отан алдындағы міндетін адал атқарған ол көптеген атаулы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталған. Бақытжан Дәрменқұлұлы зайыбымен бірге екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бақытжан Дәрменқұлұлы 80 жылдығын берік, тату отбасының ортасында қарсы алды.

Мерейтой иесін Кадр саясаты басқармасының басшылығы мен Ардагерлер кеңесі құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олар Бақытжан Дәрменқұлұлына ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру