Ақтөбелік полицейлер індеттің алдын-алу жұмыстарын жүргізуде
Ақтөбе полицейлері пандемия басталғаннан бері 1000–ға жуық медициналық маска таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирустық инфекцияға байланысты еліміздің барлық облыстарында карантиндік іс-шаралар жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары азаматтарға медициналық маскаларды тегін тарату бойынша акцияны тұрақты түрде өткізеді.
Бұл акция қала тұрғындарына санитарлық-тазалық нормаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізу мен азаматтарға өз денсаулығын сақтауға көмек көрсету мақсатында өткізіліп жатыр.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын саябақтарда, көшеде өтіп бара жатқан адамдарға медициналық маска таратып, қала тұрғындары арасында карантиндік шараларды сақтау туралы өзара әңгіме жүргізеді.
Полицейлер алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға ниетті.