Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер көлік аккумуляторларын ұрлаған үш күдіктіні қолға түсірді

Ақтөбелік полицейлер көлік аккумуляторларын ұрлаған үш күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айында Ақтөбе қаласында автокөліктен ұрлау деректері жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне автокөліктен аккумулятор ұрлайды. Ұрлық түнгі уақытта, қаланың түрлі жерлерінде, Болашақ, Авиақалашық, Тургенев көшелерінде және тағы басқа аумақтарда орын алған.

Ұрлықты қылмыстық топ жасаған секілді. Ұрылар үйлесімді жұмыс істеді, бір түн ішінде 4-5 автокөліктен аккумуляторларды, фараларды ұрлап кеткен. Кейін сол автобөлшектердің бәрін сататын болған. Жедел уәкілдер бірден оларды ұстай алмады, қаладағы барлық бейнекамераларды қарап, түнгі рейдтер мен басқа да іздестіру шараларын жүргізді.

Авиақалашық жақтағы бейнекамералардың бірінде күдіктілердің автокөлігі байқалды. Бірақ мемлекеттік тіркеу нөмірін қарау мүмкін болмады. Жедел уәкілдер оны сол бағытта ізін қуды. Тургенев көшесіндегі жанармай бекетіне соққан уақытта автокөлік нөмірі көрініп, келесі күні күдіктілер ұсталды.

Қылмыстық топ 20-25 жастағы үш жас жігіттен құрылған. Кінәларын толығымен мойындады.

Қала бойынша қылмыскерлер жалға алынған автокөлікпен түнгі уақытта ұрлық жасаған.  Ұрланған аккумуляторларды металл қабылдайтын жерге барып тапсырған. Күдіктінің бірі тонау дерегі бойынша сотталған болып шықты. Ұрланған аккумуляторлар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру