Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер көпбалалы Жетесов отбасын мерекемен құттықтады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының м.а. Қанат Алиев көпбалалы Жетесовтер отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетесовтер отбасы 21 бала тәрбиелеп отыр, оның ішінде 18 баланы патронатты тәрбиеге алған. Жетесовтер отбасында барлығы музыкалық аспапта ойнайды, бүгін де Жетесовтердің “Шашу “отбасылық ансамблі біздің облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал.

Көпбалалы отбасына барған Қанат Алиев ата-аналарға балаларының тәрбиесі үшін алғысын білдіріп, оларға жақсылық, бақыт тіледі.

– Ертең біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз, сіздерге бірлік пен жақсылық тілеймін. Барлық қиындықтарға қарамастан сіздің отбасыңыз елдің дамуына өз үлесін қосуда, – деді Қ.Алиев.

Өмірхан Жетесовтың зайыбы Алмагүл Ешпанова Полиция департаментінің басшылығына алғыс айтып, балаларды өнерге баулып тәрбиелейтінін айтып, балаларды еліміздің лайықты азаматтары етіп өсіруді өзінің парызы деп санайды.
Отбасылық ансамбль құрамында балалар Құрманғазының “Балбырауын” күйін, ал сегіз жасар Жарқынай Жетесова жетігенде “Кербез керік” халық шығармасын ойнады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру