Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер мүгедекті алдаған алаяқты ұстады

Ақтөбеде мүгедекті алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйекте Ақтөбе қаласының 50 жастағы тұрғыны мүгедектерге арналған әлеуметтік көмекті ресімдеуге жәрдемдесу сылтауымен Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы болған 51 жастағы ақтөбеліктің  200 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген. Қазіргі таңда күдікті ұсталды.

Бұл факт бойынша  ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді сақтық шараларын қабылдауға  және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге,  құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, қайта тексеру және қырағылық танытуға шақырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру