Ақтөбелік полицейлер Нұр-Сұлтан қаласынан жеңіспен оралды
Ақтөбелік полицейлер Нұр-Сұлтан қаласынан жеңіспен оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің үш қызметкері 17-20 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен чемпионатқа қатысты.
Полиция қызметкері Александр Борисов 80 келі салмақ дәрежесінде “әскери қоян-қолтық ұрыс” спорт түрінен I орын иеленді. Александр төрт жекпе-жек өткізді, дегенмен жеңіске жету оған оңай болмады. Полиция қызметкері елді спорттағы жетістіктерімен қуантып, қоғамдық тәртіпті қорғауда лайықты қызмет атқаруда.
Полиция қызметкері Айдын Төлепбаев чемпионатта 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айдын бала кезінен спортпен шұғылданады, ал полицияда жұмыс істеу оның балалық арманы болды.
Полиция департаментінің тағы бір өкілі – 25 жастағы Лилия Агильманова чемпионатта III орын алды. Лилия спортпен 10 жылдан астам уақыт айналысады.
– Күшті және епті болу жеткіліксіз, күшіңізді бекерге көрсетпеңіз. Әлсіздерді қорғау және білімді тек қорғаныс үшін қолдану – менің жаттығу жылдарында түсінген негізгі ереже, – дейді полицей.
Полиция қызметкерлері тек спорттың арқасында ерік-жігер жинап, жауапкершілік сезімін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасқандарын қоса кетті. Олар кішкентай баладан үлкенге дейін спортпен және дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Полицейлер спортпен, тіпті жұмыстан тыс уақытта да айналысады.