Ақтөбелік полицейлер оқушыларға жол ережелерін түсіндірді
Ақтөбелік полицейлер оқушыларға жол ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбеде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 16-20 тамыз аралығында ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Тұңғыш Президент атындағы саябақта балаларға жол ережелерін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Статистикаға сүйенсек, осы жылдың 7 айында Ақтөбе қаласында балалардың қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 2 бала қаза тауып, 33 бала әр түрлі дене жарақатын алған.
ЖКО-ның басты себептерінің бірі – жол қозғалысы ережелерін білмеу, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау. Жол қозғалысының жас қатысушылары негізінен көлік құралдары жүретін жерлерде ойнайды.
ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтағы Автоқалашықта сағат 18:00-21:00 аралығында балаларға жол жүру қағидасының күнделікті қолданыста жиі кездесетін бөлімдерімен таныстыру жұмыстары өткізілуде.