Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын ұстады
Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпанда Ақтөбе қаласының қоғамдық көлігінде белгісіз адам 38 жастағы жолаушының күртешесінің қалтасынан әмиянын ұрлап кеткен. Оның ішінде банк карталары мен 20 мың теңге сомасындағы ақша болған. Шығын 20 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері қалта ұрлығының алдын алу бойынша мақсатты жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.