Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер қоғамдық көлікте тұрғынның телефонын ұрлаған күдіктіні құрықтады

Ақтөбелік полицейлер қоғамдық көлікте тұрғынның телефонын ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе қаласында 2 тамыз күні №11 қоғамдық көлікте белгісіз біреу 66 жастағы жолаушының құны 150 мың болатын телефонын ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 42 жастағы күдіктіні ұстады.

Аталған қылмыс бойынша ҚР ҚК (Ұрлық) дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақ болуды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру