Ақтөбелік полицейлер құндыз тон ұрлаған ер адамды ұстады
Ақтөбеде еске алуға келген қонақ құндыз тонды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27 наурызында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» құндыз тон ұрлығын ашты.
Полиция қылмыс кезінде үйде еске алу болғанын анықтады. Қонақтардың бірі шкафтан құны 800 мың теңге болатын құндыз тонды алып, кетіп қалған.
Полицейлер қаскүнемді ұстады. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта тон иесіне қайтарылды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.