Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясының алғашқы күнінде 200-ден астам тұрғынға кеңес берді.

26 – 27 тамызда Ақтөбе облысында республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясы өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, соның ішінде Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша консультативтік және құқықтық қолдау көрсету.

Іс-шара аясында әкімшілік полиция, жергілікті, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні полицейлер 200-ден астам азаматты қабылдап, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтарды қабылдау сағат 9-дан 17-00-ге дейін Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жүзеге асырылады. Ақтөбеде жолдағы қабылдау сағат 9-дан 17-00-ге дейін алты жерде жүргізіледі. Облыс аудандарында акция халыққа көмек көрсету орталығының алдында және Әйтеке би ауданындағы тас жолда өткізілуде.

Сондай-ақ, 8 (7132) 936 – 139 жедел желі телефоны бойынша хабарласуға да болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру