Ақтөбелік полицейлер саяжайларды аралады
Ақтөбелік полицейлер «Саяжай» жедел алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде 339 саяжай үйін аралап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі, атап айтқанда, саяжай алқаптарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай – ақ учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының халық арасындағы беделін арттыру, азаматтармен тығыз, әрі сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында 15-16 тамыз аралығында облыс аумағында «Вохра», «Новостройка-2», «Строитель-1» саяжай алқаптарындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Саяжай» жедел алдын алу шарасы өткізілді.
Шараны өткізу барысында 339 үй тексерілді, оның ішінде адамдар тұрақты тұратын үйлер – 260, қараусыз қалған үйлер – 79.
Рейд барысында полиция қызметкерлері саяжайларда тіркеусіз тұрып жатқан 10-ға жуық тұрғынмен профилактикалық әңгіме өткізді. Әкімшілік жауапкершілікке 27 адам тартылды, олардың жетеуі Ақтөбе қаласы ПБ арнайы қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Саяжай учаскелерінің үш иесі абаттандыру ережелерін бұзғаны, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін бір, жасыл желектерді қорғау ережелерін бұзғаны үшін бір, шомылуға тыйым салатын жерлерде суға түскені үшін жеті адам жауапкершілікке тартылды.