Ақтөбелік полицейлер «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Ақтөбелік полицейлер «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз, сенімді қарым-қатынас орнату.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді пәтерлерді және аулаларды аралауды, ІІО есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеруді, азаматтық қару иелерінің оларды сақтау шарттарын сақтауын, жалға берілетін пәтерлерді анықтауды және т. б. жүзеге асырады.
Осылайша, «Участок» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің үш айында учаскелік полиция инспекторлары берілген күштермен бірлесіп 263 мыңнан астам (100%) аралау жұмыстарын жүргізді, яғни учаскелік полиция инспекторлары облыс бойынша барлық әкімшілік учаскелерді, оның ішінде 140 640 мың көпқабатты үйдің пәтерлерін және 123 303 мың жеке үйлерді толық аралап шықты. Салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 788-ге жуық фактісі анықталды, барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілетін болады.
ІІО-ға 930-дан астам, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 846-ға жуық тұрғын есепке қойылды.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жертөлелерді, шатырларды, базарларды, ІІО есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен атыс қаруы бар азаматтарды тексеру жүзеге асырылды.
Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 127 азамат жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 37 қару тәркіленді.
Барлығы 42 313 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 1970, ұсақ бұзақылық үшін 1448 адам жауапқа тартылды.