Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер үздік мергендер қатарынан көрінді

Ақтөбелік полицейлер үздік мергендер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қонаев қаласында 21-25 мамыр күндері өткен практикалық атудан (IPSC) Қазақстан Республикасы Кубогінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің командасы үздік үштіктің қатарына енді.

Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен 100-ден астам мерген қатысты. Қатысушылардың қатарында күштік құрылымдар мен арнайы органдардың өкілдері де болды. Сайыс барысында олар тапанша, мылтық және карабин қаруларынан дәлдік пен жылдамдыққа сынға түсіп, жоғары шеберліктерін көрсетті.

Ақтөбе өңірінің намысын қорғаған команда құрамында ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері — Бақыт Хамзин, Мұхтар Қозбақ, Алмат Бақшақбаев, Нұрхан Темірғалиев, сондай-ақ Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы Асхат Берғали болды. Команда үйлесімділігі мен шеберлігінің арқасында жүлделі орынға ие болды.

Тәртіп сақшыларын жетістігімен департамент бастығының орынбасары Рустам Апсеттаров арнайы құттықтап, мұндай жарыстардың қызметкерлердің кәсіби деңгейін шыңдауда, шапшаңдық пен дәлдікті қалыптастыруда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру