Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полиция өзін-өзі өлтірмек болған әйелді құтқарды

Ақтөбелік полиция өзін-өзі өлтірмек болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 маусым күні сағат 17.20-да 102 пультіне Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің төртінші қабатынан әйел мас күйінде секіруге тырысып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Конилкошев жедел бет алды, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Саламат Елдесов және Нұрберген Ахетов келді. Полиция жағдайды бағдарлап, үйдің терезелерінің астына көрпе тартып, қызды секірмеуге көндіре бастады, бірақ ол төртінші қабаттан секірді. Полиция мен көршілердің жайылған көрпесі әйелді өлімнен аман алып қалды. 25 жастағы әйел жеңіл дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Әйелмен бірге тұратын адам полиция қызметкерлеріне құтқарудағы жеделдігі үшін алғыс білдірді.

Әйелді осы қадамға итермелеген себеп анықталуда.

https://youtu.be/T5L-F4MRjCU

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру