Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты
Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ЭҚІҚБ қызметкерлері Россовхоз кентіндегі карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты.
Ол заттың карьердің инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам БТР-ны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты.
Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде.
БТР (бронетранспортер) Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.