Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 16 адамды ұстады

Ақтөбелік полицейлер «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері 16 іздеудегі адамды ұстады, сонымен қатар ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздеуде жұрген 10 адам анықталды, оның ішінде тоғыз Ресей Федерациясы мен бір Қырғыз Республикасының азаматы бар.

Ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру шаралары барысында Иркутск қаласында 2020 жылдың қарашасынан бері іздестіріліп жүрген 32 жастағы әйел ұсталды.

Сонымен бірге, жоғалған тоғыз азаматтың орналасқан жері анықталды, олардың бірі Ресей Федерациясының аумағында табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру