Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік қария бір қора қой-ешкісін тауып берген полицейлерге алғысын жаудырды

Ақтөбе облысының тұрғыны жоғалған малын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №4 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне К.Нокин атындағы ауылдың тұрғыны өзіне тиесілі 25 бас ұсақ малдың жоғалғаны туралы хабарлап, көмек сұраған.

Аталған дерек бойынша полицияның учаскелік инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды. Іздеу жұмыстары бір аптадан астам уақытқа созылып, нәтижесінде жоғалған ешкілер мен қойлар дала аумағынан табылып, иесіне қайтарылды.

Мал иесі полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жауапкершілігіне ризашылығын білдіріп, олардың еңбегіне алғыс айтып, ақ батасын берді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өңір тұрғындарына үй жануарлары мен малды қараусыз қалдырмауды, жайылым кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру